ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ
Бүгінгі Аймақтық диагностикалық орталық
- — көпшілігі республикадан тыс жерлерде де кеңінен танымал жоғары кәсіби мамандардың бірегей ұжымы;
- — жақын және алыс шетелдердің жетекші өндірушілерінің озық диагностикалық жабдықтары шоғырланған орталық;
- — амбулаториялық жағдайда барынша қысқа мерзімде толық клиникалық-диагностикалық тексеруден өту мүмкіндігі;
- — диагностика мен емдеудің жаңа озық әдістерін енгізу, жемісті ғылыми және инновациялық қызмет;
- — ең күрделі, соның ішінде онкологиялық ауруларды ерте анықтап, толық сауығуға нақты мүмкіндік беру;
- — қымбатты пациенттерімізге қамқорлық пен ілтипат.
МИССИЯ
Миссия — заманауи медициналық техниканы шоғырландырып, қарқынды пайдалану және ең жаңа диагностикалық технологияларды енгізу арқылы Алматы қаласы мен басқа өңірлердің халқына денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында мамандандырылған консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету.
Міндеттер
- Консультациялық-диагностикалық және емдік көмектің қолжетімділігі мен сапасын, қызмет көрсету кәсібилігі мен мәдениетін арттыру;
-
Қала халқы мен медициналық ұйымдар үшін басымдықтарды ескере отырып, медициналық қызмет сапасын арттыруға арналған заманауи технологияларды енгізу;
- Ғылыми қызметті дамыту, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру үшін база ұсыну;
- Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметін жетілдіру;
- АДО-да ақпараттық жүйені енгізу мен бейімдеуге ресурстық және техникалық жағдай жасау (жұмыс орындарын компьютерлендіру, бірыңғай жалпықалалық желіге қосу, телекоммуникацияларды дамыту).
ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Аймақтық диагностикалық орталықта екі ауысымды жұмыс тәртібі енгізіліп, оған сай медициналық кадрлармен қамтылған. Бұл пациенттерді қысқа мерзімде тексеруге, кезекті азайтуға, денсаулыққа қатысты барлық мәселені шешуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жұмыс тұтас ұжымдар да тексеруден өте алатындай ұйымдастырылған.
Осы икемділігі мен жеделдігінің арқасында Аймақтық диагностикалық орталық халыққа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудегі көшбасшы мәртебесін сақтап келеді.
Мұнда пациентті жоғары білікті мамандар ғана емес, сезімтал әрі ілтипатты адамдар қарсы алатынын мақтан тұтамыз. Адамның қиналысы мен денсаулық мәселелеріне бейжай қарамау ағзаға барынша аз жарақат келтіретін, жанға да, тәнге де жайсыздық туғызбайтын диагностикалау және емдеу тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.
Жоғары білікті персонал, озық аппараттар және жылы әрі жайлы орта пациенттерге ауру мен ауырсынуды жеңуге көмектеседі. Сондықтан біз қоғамның мойындауы мен қолдауына ие болдық.
Мамандардың жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма: 08-00-ден 17-00-ге дейін, сенбі–жексенбі — демалыс.
