• Facebook
  • Instagram
  • WhatsApp
KZRU
Орталық туралы
Пациентке
Оферта
Сұрақтар мен жауаптар
Пікірлер
...
+7 775 007 70 41
Қоңырауға тапсырыс беру
Бөлімдер
Дәрігерлер
Бағалар
Акциялар
Орталық
Байланыс
Тағы
    ЖШС
    Онлайн жазылу
    Бөлімдер
    Дәрігерлер
    Бағалар
    Акциялар
    Орталық
    Байланыс
    Тағы
      ЖШС
      Бөлімдер
      Дәрігерлер
      Бағалар
      Акциялар
      Орталық
      Байланыс
      Тағы
        KZRU
        ЖШС
        • Бөлімдер
        • Дәрігерлер
        • Бағалар
        • Акциялар
        • Орталық
        • Байланыс
        Онлайн жазылу
        • +7 775 007 70 41
        Байланыста болыңыз
        Қазақстан, Алматы,
        Әуезов көшесі, 57-үй, Жамбыл көшесінің қиылысы
        rdcalmaty@mail.ru

        • Facebook
        • Instagram
        • WhatsApp
        • Басты бет
        • Пациентке
        • Жария оферта

        Жария оферта

        Жария офертаның мәтіні танысу үшін жарияланады.

        Ақылы медициналық қызмет көрсетуге арналған ашық (жария) оферта шарты

        Алматы қаласы, 2026 жылғы «18» маусым

        Жалпы ережелер

        Осы жария оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарына сәйкес «Аймақтық диагностикалық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақылы медициналық қызмет алғысы келетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне (Пациенттерге) арналған.

        Офертаны акцептеу Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережесімен келісетінін білдіреді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес медициналық қызмет көрсету туралы Шарт жасасумен тең.

        Осы офертада көрсетілген талаптар «Аймақтық диагностикалық орталық» ЖШС-де ақылы медициналық қызмет көрсетудің жария шартының талаптарын құрайды.

        Осымен бұдан әрі «Клиника, Диагностикалық орталық және/немесе Өнім беруші» деп аталатын «Аймақтық диагностикалық орталық» ЖШС Жарғы мен медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясы негізінде әрекет ететін Бас директоры Алжанова А.С. атынан, бұдан әрі «Пациент және/немесе Тапсырыс беруші» деп аталатын кез келген жеке тұлғамен — Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен осы оферта талаптарымен ақылы медициналық қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі — «Шарт») жасасу ниетін білдіреді.

        Осы офертаның қолданылу мерзімі 2026 жылғы «18» маусымнан бастап 5 (бес) жыл болып белгіленеді.

        Осы шарт жария оферта шарты болып табылады және ақылы медициналық қызмет көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.

        Осы шарттың талаптары барлық Пациенттер/Тапсырыс берушілер үшін бірдей.

        Пациенттің/Тапсырыс берушінің шарт талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерді жасауы, атап айтқанда қызметтерді (қызметті) алуы және/немесе оларға ақы төлеуі осы шарт талаптарын толық әрі сөзсіз акцептеудің (қабылдаудың) дәлелі және шарт жасалған күн болып табылады.

        Осы офертаны қабылдағысы (акцептегісі) келетін жеке тұлғалар акцептті мына әрекеттердің бірін жасау арқылы жүзеге асырады:

        байланыс орталығы арқылы маман қабылдауына алдын ала жазылу;

        осы оферта талаптарымен келісетіні туралы медициналық картаға қол қою;

        медициналық қызметтерді іс жүзінде алу;

        медициналық қызметтерге алғаш рет ақы төлеу.

        Шарттың мәні

        Жеке тұлғаларға медициналық қызмет көрсету шартын жасасуға арналған осы жария офертаның (бұдан әрі — Шарт) талаптарына сәйкес Клиника/Өнім беруші медициналық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялар негізінде өз қызмет бейіні бойынша Пациентке/Тапсырыс берушіге ақылы медициналық қызметтер (бұдан әрі — медициналық қызметтер) көрсетуге міндеттенеді. Қызметтер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 202-бабында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптармен көрсетіледі. Пациент/Тапсырыс беруші көрсетілген медициналық қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге, оларды тиісінше көрсету үшін қажетті шынайы ақпаратты беруге, сондай-ақ Клиника медицина қызметкерлерінің медициналық қызметтерді сапалы, қауіпсіз және тиімді көрсетуге бағытталған тағайындауларын, талаптары мен ұсынымдарын сақтауға міндеттенеді. Медициналық қызметтердің тізбесі, көлемі, мерзімдері мен құны қызмет көрсетілетін күні қолданыстағы, қызмет көрсету орындарында және/немесе Клиниканың ресми интернет-ресурсында орналастырылған прейскурантқа сәйкес айқындалады және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

        Медициналық қызметтерді тегін көрсету осы шарттың мәніне жатпайды.

        Қызмет көрсету талаптары мен тәртібі

        Клиника/Өнім беруші өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:

        – Қазақстан Республикасының Конституциясы;

        Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

        Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі;

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексі;

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ САЛЫҚ КОДЕКСІ;

        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;

        Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығы.

        Медициналық қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әуезов көшесі, 57-үй.

        Пациент медициналық орталық жүргізетін емнің нәтижеге қол жеткізуді толық кепілдендіре алмайтынымен келіседі, өйткені қызмет көрсету кезінде де, одан кейінгі жақын және алыс кезеңдерде де әртүрлі асқынулар болуы мүмкін. Сондай-ақ қолданылатын медициналық көмек технологиясы ағзаның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жанама әсерлер мен асқынулар ықтималдығын толық жоя алмайтынымен келіседі.

        Клиника/Өнім беруші осы шарт бойынша қызметтерді әкімшілік белгілейтін және Пациентке/Тапсырыс берушіге хабарланатын жұмыс күндері мен сағаттарында көрсетеді. Дәрігерлердің барлық қабылдауы Клиниканың https://rdc.kz/ сайты және/немесе байланыс орталығының телефоны арқылы, сондай-ақ тіркеу бөлімінде алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Байланыс орталығы операторларымен барлық әңгіме жазылады.

        Пациенттер клиниканың тіркеу бөлімімен немесе байланыс орталығымен келісу бойынша дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз келе алады. Қабылдау ұзақтығы дәрігердің мамандығына және қабылдау түріне (алғашқы/қайталама, қабылдау/тексеру, басқа қызметтер) байланысты:

        қабылдау ұзақтығы 15 (он бес) минуттан 40 (қырық) минутқа дейін болуы мүмкін. Осы аралықта әр қабылдаудың ұзақтығын дәрігер белгілейді. Диагностикалық зерттеулердің ұзақтығы нақты зерттеу түріне байланысты және 15 (он бес) жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.

        жағдайы ауыр басқа пациентке кезек күттірмейтін көмек көрсету немесе стационарлық науқасты шұғыл тексеру қажет болған жағдайда қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.

        дәрігерлер Пациенттерді Диагностикалық орталық өз бетінше белгілеген кестеге сәйкес қабылдайды. Дәрігерлердің кестелері әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер басқа Пациентке кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін қабылдауды үзуге құқылы.

        Пациент белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіксе, Диагностикалық орталық алдын ала жазылу болғанның өзінде қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Алдыңғы пациентке медициналық көмекті аяқтау қажет болса, дәрігер пациенттің алдын ала белгіленген қабылдауын кейінірек уақытқа, бірақ 1 (бір) сағаттан асырмай ауыстыра алады. Жағдайы ауырлау пациентті қабылдау немесе басқа пациенттердің респираторлық жолмен жұғатын инфекциялық ауруы бар пациентпен байланысын азайту қажет болса, дәрігер алдын ала жазылу болғанның өзінде қабылдау кезегін өзгерте алады. Дәрігердің денсаулығына байланысты қабылдау тоқтатылса, Клиника оған жазылған Пациенттерді жедел хабардар етеді, бұл ретте Клиника басқа дәрігер ұсынуға міндетті емес.

        Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Орталықтың холдары мен дәліздерінде уәкілетті орган бекіткен, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, бақылау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны пайдалану қағидаларына сәйкес бейнебақылау жүргізіледі.

        Диагностикалық орталыққа инфекциялық ауруы бар пациент жүгінгенде және инфекциялық аурудың бастапқы диагнозы немесе оған күдік анықталғанда, пациент мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.

        пациенттің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және өзінің дербес деректерін: тегі, аты, әкесінің аты, жасы, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын хабарлауы қажет.

        қызметтерге алдын ала ақы төлеу қажет. Төлем орталық кассасында қолма-қол ақшамен де, банк картасымен де Клиниканың/Өнім берушінің есеп айырысу шотына жүргізіледі.

        заңды тұлғалар жіберген азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызмет көрсету шарттары: қол қойылған шарттың болуы; алдын ала төлем жасау; өтінімнің; жолдаманың; жіберілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың болуы.

        сақтандыру медициналық ұйымдары жіберген сақтандырылған азаматтарға (пациенттерге) медициналық қызмет көрсету шарттары: сақтандыру полисінің, жолдаманың және жеке басын куәландыратын құжаттың болуы.

        дәрігердің күтпеген жерден болмауы және басқа төтенше жағдайлар туындағанда, байланыс орталығының маманы (әкімші) пациентке бұл туралы алғашқы мүмкіндікте хабарлайды.

        келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда пациент медициналық орталыққа телефон арқылы мүмкіндігінше тез хабарлауға міндеттенеді.

        Пациент/Тапсырыс беруші медициналық Қызметті алу үшін белгіленген уақытқа кешіккен жағдайда, Клиника/Өнім беруші қызмет көрсету уақытын қысқарту немесе қызметті толық тоқтату құқығын өзінде қалдырады. Бұл ретте қызметке төленген қаражат қайтарылмайды және қайта есептелмейді.

        Диагностикалық зерттеулер (соның ішінде пункция, биопсия, инъекция және т.б.), операциялық араласулар қажет болған жағдайда Пациент (немесе оның заңды өкілі) аталған әрекеттерді жасауға ақпараттандырылған келісімге қол қоюға немесе олардан бас тартуға міндеттенеді.

        Диагностикалық орталыққа жүгінген пациенттердің денсаулығына зиян құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан келтірілді деп пайымдауға жеткілікті негіз болса, Диагностикалық орталық мәліметтерді медициналық ұйым орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына береді.

        Пациент белгіленген уақыттан 10 (он) минут бұрын келіп, медициналық құжаттарды ресімдеу үшін жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруі қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациент Клиникаға келгенде де, алдын ала жазылғанда да өзінің дербес деректерін: тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефонын хабарлауы қажет;

        Келісілген уақытта қабылдауға келе алмаған жағдайда Пациент Клиникаға телефон арқылы мүмкіндігінше тез хабарлауға міндеттенеді. Әр Пациентке жазылуына сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінген. Кешігу мен қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі Пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін.

        Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруымен кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.

        Пациентке Клиниканың медицина персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны мерзімінде аяқтау мүмкіндігін жоюы немесе денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екені хабарланды.

        Пациент медицина персоналының нұсқауларын, ұсынымдары мен тағайындауларын бұзған жағдайда, медициналық қызмет көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне және айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндірмесе, Клиника осы бұзушылықтар анықталған кезден бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте іс жүзінде көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды, ал Клиника Пациент денсаулығының ықтимал нашарлауына жауап бермейді.

        Жеке гигиена қағидаларын сақтау.

        Эпидемиялар (ЖРВИ және басқалары) кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған дәке немесе өзге таңғыштар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.

        Әр инвазиялық араласу алдында Пациент ақпараттандырылған келісімнің мәтінімен алдын ала танысып, оған қол қоюға міндетті.

        Пациенттің диагнозы, ағзасының жағдайы, емдеу мен профилактикаға арналған ұсынымдар және тағайындаулар туралы ақпаратты қамтитын денсаулық жағдайы жөніндегі диагностикалық қорытындылар, егер оларды Клиниканың медицина персоналы жұмыс уақытында пациентке берген болса, Клиниканың меншігі болып табылады. Пациент медициналық көмек алу мақсатында медициналық қорытынды деректерін басқа медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне беруге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Шарт бойынша пациентке немесе өзге тұлғаларға пациенттің медициналық қорытындыларын Клиникамен келіспей бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік медиада және желілік қарым-қатынас сервистерінде жариялауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге тыйым салынады.

        Осы Шартта баяндалған мінез-құлық қағидалары сақталмаған жағдайда Клиника персоналы Пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

        Клиникаға келген кезде Пациенттер мен оларды ертіп жүрген адамдар Клиника мүлкіне ұқыпты қарауы қажет. Кез келген мүлікке залал келтірілгенде (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиникаға келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе әкімшілік оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.

        Төлем. Қызметтерге ақы қызмет көрсетілетін күні маманның алғашқы/қайталама қабылдауына дейін кассада толық көлемде төленеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.

        Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент жүгінген сәтте қолданыстағы, Клиника/Өнім беруші бекіткен ақылы медициналық қызметтер Прейскурантына сәйкес айқындалады.

        Медициналық қызметтерге ақы Пациенттің/Тапсырыс берушінің өзі (немесе оның келісімімен өзге тұлға) қызмет көрсету басталған күні қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес толық көлемде төлейді.

        Пациент/Тапсырыс беруші Клиника басшысының атына жазбаша өтініш беру арқылы тексеруден немесе емдеуден негізді түрде бас тартса, медициналық қызметтерге төленген сома Пациенттің жеке куәлігі мен чек болған жағдайда Пациентке/Тапсырыс берушіге қайтарылады.

        Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Пациент/Тапсырыс беруші Шарт талаптарын бұзған жағдайларды қоспағанда, Клиника/Өнім беруші Пациентке/Тапсырыс берушіге төленген сома мен іс жүзінде көрсетілген қызмет құнының айырмасын төлейді.

        Пациенттер Клиника қызметтерін ақылы негізде, ауру жағдайына ерікті сақтандыру аясында, мемлекеттік тапсырыс қаражаты немесе үшінші тұлғалар есебінен ала алады.

        Ақылы негізде қызмет алған жағдайда Пациент Клиника қызметтерінің ақысын оларды алғанға дейін төлеуге міндетті. Медициналық көмек көрсету барысында клиниканың медицина персоналы қосымша қызметтер тағайындаса, Пациент олардың ақысын алғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей төлеуге міндеттенеді. Есеп айырысу қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.

        Мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен қызмет алған жағдайда медициналық көмек алу тәртібі Қазақстан Республикасының тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

        Ауру жағдайына ерікті сақтандыру шеңберінде қызмет алған жағдайда Пациент сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.

        Клиника қызметтеріне ақы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңына сәйкес тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді. Клиника қызметтеріне шетел валютасымен төлем алдын ала берілген шот бойынша Клиника шотына банктік аударым арқылы жүзеге асырылады.

        Клиниканың/Өнім берушінің құқықтары мен міндеттері

        Медициналық қызмет көрсету кезінде Клиника/Өнім беруші мыналарға міндетті:

        Медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасына, Клиникада/Өнім берушіде бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртіптеріне және медициналық көмек стандарттарына сәйкес көрсету;

        Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау;

        Пациентке/Тапсырыс берушіге осы шарт бойынша медициналық қызмет көрсетілетін кезеңде қолданыстағы Прейскурантпен танысу мүмкіндігін беру;

        Пациенттің емдеу нәтижелеріне барынша қанағаттануын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдау;

        медициналық қызметтердің ауруларды диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетілуін, ал осы нозологиялар бойынша клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жалпыға ортақ тәсілдер мен дәлелді медицина базасына сәйкес көрсетілуін қамтамасыз ету;

        ақылы медициналық қызмет көрсету кезінде кенеттен болған жедел аурулар, жағдайлар, асқынулар, созылмалы аурулар салдарынан пациенттің өміріне төнген қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтер қажет болса, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне (бұдан әрі — Кодекс) сәйкес медициналық көмектің ақысыз көрсетілуін қамтамасыз ету;

        Клиниканың орналасқан жері (мемлекеттік тіркелген жері), жұмыс тәртібі, көрсетілетін медициналық қызметтердің құны көрсетілген тізбесі, осы қызметтерді көрсету және алу шарттары, соның ішінде мамандардың біліктілігі мен сертификатталуы туралы мәліметтерді Клиника сайтына орналастыру арқылы Пациентке тегін, қолжетімді және шынайы ақпарат беру;

        Пациентке мыналар туралы хабарлау:

        қызметтердің қандай да бір түрін көрсету мүмкін еместігі туралы;

        Пациентке шұғыл немесе жоспарлы стационарлық ем ұйымдастыру қажеттілігі туралы;

        нақты қызмет түрін көрсетуге қарсы көрсетілімдер мен ықтимал теріс салдарлар туралы.

        Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттамамен тікелей танысуын қамтамасыз ету және Пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша талабы бойынша Пациенттің денсаулық жағдайын көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелерін беру;

        Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызмет алу үшін жүгінгенде оның денсаулық жағдайы туралы мәліметтердің дәрігерлік құпия және дербес деректер туралы заңнама талаптарына сәйкес құпия сақталуын қамтамасыз ету;

        Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациентке жүргізілген зерттеулер мен емдеу іс-шаралары көрсетілген медициналық құжаттаманы, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы қорытындыларды беру.

        Медициналық қызмет көрсету кезінде өз аумағында қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау;

        Персоналдың Ар-намыс кодексі нормаларын сақтауына жәрдемдесу.

        Пациентке/Тапсырыс берушіге құрметпен және ізгілікпен қарау;

        Пациент/Тапсырыс беруші осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен ақша қаражатын енгізіп, төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін медициналық қызметтерді заманауи диагностика және емдеу әдістерін пайдаланып, осы шартқа сәйкес толық көлемде сапалы көрсету;

        Пациентке/Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық қызметтердің түрлері, көлемі, құны және одан түскен қаражаттың есебін жүргізу.

        Медициналық қызмет көрсету кезінде Клиника/Өнім беруші мыналарға құқылы:

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеу клиникалық хаттамаларын, медициналық көмек көрсету тәртіптері мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, диагноз қоюға және емдеуге бағытталған қажетті медициналық қызметтердің көлемін өз бетінше айқындау. Осы нозологиялар бойынша тиісті клиникалық хаттамалар болмаған жағдайда, өз дәрігерлерінің тәжірибесін, медициналық көрсетілімдер бойынша жалпыға ортақ тәсілдер мен дәлелді медицина базасын және клиникалық базаның мүмкіндіктерін негізге алу.

        Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлескен орындаушыларды) тарту.

        Дәрігер нұсқаулары орындалмаған, Пациент/Тапсырыс беруші режимді, Клиникада болу қағидаларын, сондай-ақ ауруханалық тәртіпті бұзған жағдайда емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату.

        Міндеттемелер шартта белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, тарап 1 күн ішінде екінші тарапқа тиісті мән-жайлардың туындағаны туралы, ал олар тоқтағанда — тоқтағаны туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін осындай мән-жайлар мен олардың салдары әрекет еткен уақытқа мөлшерлес ұзарта алады.

        Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу міндеттемесін орындағанға дейін қызмет көрсетуге кіріспеу;

        Мына жағдайларда қызмет көрсетуден бас тарту:

        Пациентте емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталса;

        Пациент Клиниканың ұсынымдарын сақтамаса;

        Пациент нақты қызмет түрлерін көрсетуге қажетті құжаттарды (медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім және т.б.) ресімдеуден/оларға қол қоюдан бас тартса;

        медициналық қызметтің қауіпсіз көрсетілуін қамтамасыз ету мүмкін болмаса.

        Пациент/Тапсырыс беруші Клиниканың/Өнім берушінің пікірінше оның денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартса, мұндай бас тартудың денсаулығына ықтимал салдарын түсіндіріп, одан медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат алу.

        Пациентпен алдын ала келісу бойынша қызмет көрсету уақытын өзгерту, жедел ауру белгілері бар Пациентті кезексіз қабылдау, емдеуші дәрігерді ауыстыру;

        Пациент қызмет алу үшін белгіленген уақыттан 10 (он) минуттан артық кешіксе, Клиника қабылдауға жазылуын басқа уақытқа ауыстыруға немесе жоюға құқылы;

        Пациенттердің дербес деректерін сақтау және өңдеу, оларды иесіздендірілген түрде өз қалауы бойынша пайдалану.

        Қазақстан Республикасының Денсаулық кодексінде көзделген жағдайларда пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсету.

        Пациенттің/Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

        Пациент/Тапсырыс беруші мыналарға міндеттенеді:

        «Аймақтық диагностикалық орталық» ЖШС-де белгіленген, жұмыс тәртібі мен режимін айқындайтын қағидаларды сақтау;

        Медициналық қызмет көрсететін емдеуші дәрігердің және емдеу мен тексеру бойынша тиісті мамандардың медициналық нұсқауларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындау, Клиниканың/Өнім берушінің ішкі тәртіп қағидаларын, емдеу-қорғау режимін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау;

        Медициналық көмектің барлық кезеңінде дәрігермен (медицина персоналымен) ынтымақтасу.

        Осы шарт қолданылатын мерзімде дәрігермен алдын ала келіспей өз бетінше емделмеу, емшілердің, дәстүрлі емес медицина мамандарының, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдар дәрігерлерінің ұсынымдарын орындамау және олардан ем алмау;

        Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа адамдарға құрметпен қарау, сондай-ақ басқа пациенттердің құқықтарын құрметтеу.

        Осы шарт бойынша ақылы медициналық қызмет көрсету тәртібімен және талаптарымен танысу;

        Медициналық қызметтердің құнын олар көрсетіле бастағанға дейін Клиника/Өнім беруші бекіткен Прейскурантқа сәйкес, осы шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен және тек Клиниканың/Өнім берушінің кассасы арқылы төлеу;

        Медициналық көмек көрсететін тұлғаға қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті әрі шынайы ақпарат беру: өзінің және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, анамнездегі патологиялар, тұқым қуалайтын, бұрын ауырған немесе бар аурулар, инфекциялар, операциялар, ықтимал қарсы көрсетілімдер, соның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қатысты қарсы көрсетілімдер, ағзаның жеке ерекшеліктері, зиянды әдеттер, кәсіби зиянды факторлар және аллергиялық реакциялар туралы. Пациент өз денсаулығы туралы ақпаратты әдейі бұрмалау қойылатын диагноз бен тағайындалатын емнің дұрыстығы мен қауіпсіздігіне, сауығу ықтималдығына әсер етуі мүмкін екенін білуі керек. Сондай-ақ Клиникадан/Өнім берушіден тыс жүргізілген алдын ала зерттеулер мен мамандар консультацияларының деректерін (бар болса) және денсаулық жағдайы мен емдеу барысына әсер етуі мүмкін өзге факторлар туралы өзіне белгілі барлық мәліметті беру.

        Пациент өз денсаулығы туралы ақпаратты әдейі бұрмалау қойылатын диагноздың, тағайындалатын емнің дұрыстығына және сауығу болжамына әсер етуі мүмкін екенін білуі керек.

        Пациент денсаулық жағдайының нашарлағанын емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауға, емдеу курсы кезінде өзін сезінуіндегі кез келген өзгеріс туралы айтуға, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы дәрігерді дереу хабардар етуге міндетті;

        Емдеуші дәрігер болмаған жағдайда бұл ақпаратты Клиниканың тіркеу бөлімі немесе байланыс орталығы қызметкеріне беру.

        Байланысқа арналған ақпаратты (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, нақты тұратын мекенжайы) хабарлау;

        Клиника/Өнім беруші дәрігерлерінің пікірінше Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуы немесе жоюы мүмкін қызметтерден бас тартса, медициналық көмектен бас тарту туралы тиісті қолхат беру;

        Пациент/Тапсырыс беруші келмеген және/немесе қызмет алу үшін белгіленген уақыттан 15 (он бес) минуттан артық кешіккен жағдайда, Клиника/Өнім беруші қызмет алу мерзімін ауыстыру немесе қызметті тоқтату құқығын өзінде қалдырады.

        Денсаулығы туралы ақпарат жасырылған немесе толық берілмеген жағдайда Клиника/Өнім беруші емдеу нәтижесіне жауап бермейді;

        Эпидемиялар мен карантин кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге таңғыштарды пайдалану.

        Пациент осы Шартта баяндалған қағидаларды сақтауға міндетті.

        Медициналық көмекке жүгінгенде және оны алған кезде Пациенттің мынадай құқықтары бар:

        Ақылы бөлімде (палатада) жұмыс істейтін дәрігерлер арасынан емдеуші дәрігерді таңдау, тиісті балама болған жағдайда басқа емдеуші дәрігерге ауысу;

        Жүргізілген емнің сапасы мен дәрігер тағайындауларының негізділігіне сараптама жасату.

        Медициналық орталық қызметкерлері мен медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа адамдардың өзіне құрметпен және ізгілікпен қарауы.

        Клиниканың/Өнім берушінің қызметіне араласпай, көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеру;

        Клиникадан/Өнім берушіден денсаулық жағдайы туралы қажетті медициналық ақпарат пен растайтын құжаттарды талап ету.

        Бұрын берілген түсіндірмелер түсініксіз болса, Клиникадан/Өнім берушіден өзінің денсаулық жағдайы, ұсынылған диагностика және емдеу әдістері туралы қосымша түсіндіруді талап ету.

        Емдеуші дәрігерінің және өзіне медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басқа адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алу;

        Санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарға сай жағдайда тексерілу және емделу;

        Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті ақпараттандырылған келісім беру;

        Пациент немесе оның заңды өкілі заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық араласудан бас тартуға немесе оны тоқтатуды талап етуге құқылы. Медициналық араласудан бас тартқанда Пациентке немесе оның заңды өкіліне ықтимал салдарлар оған түсінікті түрде түсіндірілуі тиіс. Ықтимал салдарлары көрсетілген медициналық араласудан бас тарту медициналық құжаттамаға жазылып, оған Пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;

        Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне, Клиниканың лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа шағыммен жүгіну;

        Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмекке жүгіну фактісі, денсаулық жағдайы, диагнозы және тексеру мен емдеу кезінде алынған өзге мәліметтер туралы ақпараттың Клиника қызметкерлері тарапынан құпия сақталуы.

        Пациенттің медициналық көмекке жүгінгенде және оны алғанда берген мәліметтерінің, сондай-ақ дәрігерлік құпияны құрайтын өзге ақпараттың құпиялылығына құқығы медицина қызметкерлері мен басқа тұлғалардың оны жария еткені үшін жауапкершілігін туындатады.

        Өзінің денсаулық жағдайы, қолданылатын диагностика және емдеу әдістері туралы толық ақпаратты түсінікті түрде алу. Бұған тексеру нәтижелері, аурудың бар-жоғы, диагнозы мен болжамы, емдеу әдістері, оларға байланысты қауіп, медициналық араласудың ықтимал нұсқалары, олардың салдары мен жүргізілген ем нәтижелері туралы мәліметтер кіреді. Сондай-ақ ықтимал қауіптер мен артықшылықтар, ұсынылатын және балама емдеу әдістері, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы ақпаратты, үйіне шығарылу немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырылу себептерінің түсіндірмесін алу, денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу.

        Пациент денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс тұлғаны белгілей алады. Пациенттің денсаулық жағдайын ескере отырып, бұл ақпарат одан жасырылып, оның жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.

        Құпиялылық. Осы Шартты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңының 7, 8-баптарына сәйкес Пациент Клиникаға өзінің дербес деректерін (соның ішінде тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тіркелген және тұратын мекенжайы, байланыс деректері және басқалары) береді және Клиника көрсететін қызметтерді алу мақсатында Клиника персоналының өз дербес деректерін, сондай-ақ денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерін өңдеуіне келісім береді. Бұл келісім жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін қажетті Пациенттің дербес деректеріне қатысты кез келген әрекеттерді, соның ішінде шектеусіз: жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Клиника дербес деректерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып және автоматтандыру құралдарын пайдаланбай (автоматтандырылмаған өңдеу) өңдейді.

        Тараптар осы Шарт талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөнінде өзара міндеттемелер қабылдайды.

        Осы Шарттың ережелері, оған қосымша келісімдер мен қосымшалар, оның орындалуына байланысты құжаттама мен ақпарат құпия болып табылады.

        Тараптар оларға тек Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей қатысатын тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

        Тараптар Шартқа сәйкес немесе оған қатысты екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты оны берген Тараптың жазбаша келісімінсіз Қызмет көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзге мақсаттарда пайдаланбауға міндеттенеді. Ақпаратты алған Тарап оны Шарт негізінде алғанға дейін иеленген ақпарат бұған жатпайды;

        Осы шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе өзге түрде жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).

        Пациенттің немесе оның өкілінің келісімімен дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациентті тексеру және емдеу мүддесінде басқа тұлғаларға, соның ішінде лауазымды тұлғаларға беруге жол беріледі (заңнамаға сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда).

        Пациенттің медициналық құжаттарындағы және дәрігерлік құпияны құрайтын ақпаратты Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз беруге өз жағдайына байланысты еркін білдіре алмайтын Пациентті тексеру және емдеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда жол беріледі.

        Клиника персоналы медициналық тексеру нәтижелерін пациенттердің жеке өзіне хабарлайды.

        Пациенттің/Тапсырыс берушінің дербес деректерді өңдеуге келісімі. Пациент/Тапсырыс беруші осы Шартқа қол қою арқылы оның талаптарын қабылдайды және Клиникаға/Өнім берушіге өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді. Сондай-ақ осы Шартқа қол қою арқылы Клиника/Өнім беруші аумағында аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуге, аудио, фото және бейнематериалдарды Клиниканың/Өнім берушінің ресми сайтында жариялауға келіседі.

        Медициналық қызмет көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарымен таныстым және оларды қабылдаймын. Қол қоюыммен және ақылы медициналық қызметтерге ақы төлеуіммен Клиниканың/Өнім берушінің https://rdc.kz/ сайтында орналастырылған ақылы медициналық қызмет көрсетуге арналған Жария шарттың жасалғанын растаймын.

        Жауапкершілік. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

        Пациент осы Шарт талаптарын бұзғандықтан Шарт орындалмаса немесе тиісінше орындалмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша Клиника жауапкершіліктен босатылады.

        Пациенттің Клиника көрсеткен қызметтер үшін берешегі туындаса, Клиника Пациент көрсетілген қызметтердің ақысын толық төлегенге дейін осы Шарт бойынша әрі қарай қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.

        Пациент/Тапсырыс беруші шарттың 3.2.2-тармағына сәйкес денсаулығы туралы толық ақпарат бермеген жағдайда немесе медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларда Клиника/Өнім беруші медициналық қызмет көрсету сапасына жауап бермейді.

        Егер Пациенттің/Тапсырыс берушінің денсаулығына зиян келуі немесе оның сауықпауы медициналық нұсқауларды бұзуының салдарынан болса, Клиника/Өнім беруші бұл үшін жауап бермейді.

        Пациент/Тапсырыс беруші Клиника медицина персоналының ұсынымдары мен талаптарын 2 (екі) және одан көп рет орындамаса, Клиника осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқылы.

        Осы Шарт бойынша өз құқықтары бұзылды деп санайтын Тарап екінші Тарапқа талаптары баяндалған хат жіберуге құқылы. Талапты алған Тарап оған заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.

        Клиника мына жағдайларда көрсетілетін қызметтердің нәтижесіне жауап бермейді:

        Пациент емдеу ұсынымдарын сақтамағанда және денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге әрекеттер жасағанда;

        медициналық көрсетілімдер болмағанымен, Пациенттің табанды талабы бойынша қызмет көрсетілгенде;

        Пациенттің келмеуіне немесе емді жалғастырудан бас тартуына байланысты емдеу жоспары орындалмаса;

        қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергия немесе көтере алмаушылық пайда болса;

        Клиника қызметтерінен кейін үшінші тұлғалар медициналық араласу жүргізсе;

        осы жағдайда іс жүзінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімсіз болуы мүмкін екені ескертілген Пациент емді жалғастырудан ақпараттандырылған түрде бас тартса;

        Пациенттің кейінгі денсаулық жағдайына, сондай-ақ жалпы емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан бас тартуға байланысты асқынулардың туындауына;

        дәрілік заттар мен препараттарды қолданудан, олардың өндірушісі аңдатпада ықтималдығын көрсеткен жанама әсерлердің пайда болуына;

        -·пациент бұрын ауырған аурулары, аллергиялық реакциялары мен қарсы көрсетілімдері туралы дәрігерге хабарлау міндетін орындамаса және көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігерде осы ақпараттың болмауынан туындаса.

        Клиника/Өнім беруші ақылы медициналық қызмет көрсету кезінде жол берілген мына бұзушылықтар үшін жауапты болады:

        медициналық қызметтердің тиісті көлемде және сапада көрсетілмеуі;

        ТМККК мен МӘМС-ке кіретін қызметтер үшін Пациенттен/Тапсырыс берушіден ақы алу;

        бір медициналық қызмет үшін екі рет ақы алу (пациент қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен).

        Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау еңсерілмейтін күштің немесе өзге форс-мажорлық мән-жайлардың (табиғи апаттар, эпидемиялар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, құзыретті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдары болса және олар міндеттемелерді орындауға кедергі келтірсе, Тараптар өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

        Медицина және/немесе фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау, карантин режимін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзу, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасында ҚР ӘҚБтК-нің 80-1, 434-баптарына, 441-бабының 1-бөлігіне, 476-бабына және ҚР ҚК-нің 304-бабына сәйкес айыппұл санкциялары мен жауапкершілік көзделген.

        Пациент/Тапсырыс беруші іс жүзінде көрсетілген медициналық көмек көлемі үшін Клиникаға/Өнім берушіге шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.

        Пациент/Тапсырыс беруші медициналық қызметтерге ақы төлеу талаптарын бұзса, Клиника/Өнім беруші тұрақсыздық айыбын ұстап қалу шараларын көздеуі мүмкін.

        Клиника мүлкіне залал келтірілген жағдайда Пациент оны толық көлемде өтеуге міндетті.

        Өзге жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

        Шарт талаптарын өзгерту

        Клиника/Өнім беруші осы шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттағы өзгерістер Интернетте Клиниканың/Өнім берушінің сайтында, сондай-ақ Клиниканың тіркеу бөліміндегі қағаз нұсқасында жарияланады. Өзгерістер жария орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Редакциялар арасында алшақтық болса, Орталықтың тіркеу бөліміндегі редакция басымдыққа ие.

        Шарттың қолданылу мерзімі

        Осы жария оферта шарты жария орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға немесе шарт бұзылғанға дейін қолданылады.

        Даулар мен жанжалды жағдайларды шешу тәртібі. Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) қарау тәртібін айқындау, оларды есепке алу және талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұйрық негізінде жүзеге асырылады.

        Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда ол (оның заңды өкілі) жазбаша талаппен (шағыммен) жүгіне алады. Ол тіркеу бөлімі арқылы беріліп, Клиника басшысының қарауына жіберіледі. Талапқа (шағымға) жауапты жедел алу үшін Пациентке пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне байланыс телефонын қалдыру ұсынылады. Өтініш бұйрыққа сәйкес тәртіппен қаралады.

        Талап (шағым) Клиникаға түскен кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін қаралады. Талапқа (шағымға) жазбаша жауап Пациент көрсеткен мекенжайға поштамен жіберіледі немесе Пациенттің қалауы бойынша келісілген уақытта жеке өзіне берілуі не ауызша түсіндірілуі мүмкін.

        Пациент барлық сұрақ, шағым және ұсыныс бойынша Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне, сондай-ақ Клиника басшысына жүгіне алады.

        Клиника басшылығы шағымды қанағаттандырған жағдайда Пациент көрсетілген қызметтер үшін Клиникаға төлеген қаражатын қайтаруға құқылы. Қаражат шағым қанағаттандырылған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қызметтерге ақы төленген тәсілмен (қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз) қайтарылады.

        Тараптар осы шарт бойынша туындаған барлық дауды тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шартты орындау аясында тараптар реттей алмаған барлық дау ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

        Тарифтік саясат

        Мемлекеттік тапсырыс аясында көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметтердің құнын Клиника өз бетінше айқындайды және ол Клиниканың бас директорының бұйрығымен бекітілетін қызметтер прейскурантында көрсетіледі. Клиника қызметтерінің ресми сайтта жарияланған бағалары әрдайым Клиника прейскурантындағы ақпаратпен бірдей болады.

        Клиника мүгедектік, зейнет жасы, көпбалалы ана болу сияқты әлеуметтік негіздер бойынша қызметтеріне жеңілдік бермейді.

        Клиника уақытша акциялар аясында жекелеген қызметтеріне немесе барлық қызметіне жеңілдік береді. Бұл туралы сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларында, тіркеу бөлімінде немесе өзге тәсілмен хабарлайды. Клиника жекелеген Пациенттерге ресми растайтын құжаттар қоса берілген өтініштері негізінде жеңілдік ұсынуға құқылы; мұндай өтініштерді Клиниканың бас директоры қарайды.

        Форс-мажор. Егер міндеттемені ішінара немесе толық орындамау не тиісінше орындамау Шарт жасалғаннан кейін туындаған, Тарап алдын ала болжай немесе болдырмай алмайтын төтенше сипаттағы еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Тарап жауапкершіліктен босатылады.

        Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауынан тыс және алдын ала болжанбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, эпидемия, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

        Тараптар өздерінің төлем қабілетсіздігі форс-мажорлық мән-жай болып табылмайтынын мойындайды.

        Егер Шарт талаптарын орындамау форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болса, Тараптар бұл үшін жауап бермейді.

        Егер Шартты орындаудағы кідіріс форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болса, Клиника/Өнім беруші Шарт талаптарын орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың бұзылуына жауапты болмайды.

        Форс-мажорлық мән-жайлар туындаса, Клиника/Өнім беруші Пациентке/Тапсырыс берушіге осындай мән-жайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны дереу жіберуі тиіс. Пациенттен/Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, Клиника/Өнім беруші орынды болатын шамада Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға тәуелсіз балама орындау тәсілдерін іздейді.

        Өзге талаптар

        Оферта талаптарына қайшы келмей, Пациент/Тапсырыс беруші мен Клиника/Өнім беруші кез келген уақытта ақылы медициналық қызмет көрсету шартын жазбаша екіжақты құжат түрінде ресімдеуге құқылы.

        Қорытынды ережелер

        Осы Шарт Пациенттің/Тапсырыс берушінің Клиниканың/Өнім берушінің жария офертасын акцептеуі арқылы жасалады және Тараптар қабылдаған міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады. Клиника/Өнім беруші Пациентке/Тапсырыс берушіге өзгерістер немесе офертаны кері қайтарып алу күшіне енетін кезден кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын міндетті түрде хабарлай отырып, кез келген уақытта өз қалауы бойынша оферта талаптарын өзгерту немесе офертаны кері қайтарып алу құқығын өзінде қалдырады.

        Пациент/Тапсырыс беруші офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа да сол өзгерістердің енгізілуіне әкелетінін, ал Шарттағы өзгерістер офертадағы тиісті өзгерістермен бір мезгілде күшіне енетінін мойындайды және келіседі. Осымен Пациент/Тапсырыс беруші Шарт жасасуға қажетті барлық заңды құқықтары мен өкілеттіктері бар екенін растайды.

        Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің/Тапсырыс берушінің қызметтерді ресімдеуін Клиника/Өнім беруші де, Пациент/Тапсырыс беруші де енгізілген өзгерістермен келісу деп бірмәнді түсінеді.

        2026 жылғы «18» маусымдағы ақылы медициналық қызмет көрсетуге арналған ашық (жария) оферта шартына 1-қосымша

        Пациенттер мен олардың заңды өкілдерінің Диагностикалық орталықтағы мінез-құлық қағидалары. Тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін медициналық орталықтың холдарында аудио- және/немесе бейнебақылау жүргізіледі.

        Медициналық орталықтың байланыс орталығы операторларымен барлық әңгіме жазылады.

        Клиникаға келгенде мына қағидалар сақталуы тиіс:

        Клиникаға кіргенде бахила кию немесе ауыстыратын аяқкиімге ауысу ұсынылады.

        Суық мезгілде пациент сыртқы киімін киім ілетін орында қалдыруы тиіс. Медициналық кабинетке сыртқы киіммен кіруге жылдың кез келген мезгілінде тыйым салынады.

        Әр пациентке жазылуына сәйкес белгілі бір қабылдау уақыты бөлінген. Кешігу мен қабылдаудың кідіруі көрсетілетін қызметтің сапасын төмендетіп, келесі пациенттің қабылдауын кешіктіруі мүмкін. Егер пациент қабылдау уақытының 30%-ынан артық кешіксе және келесі пациенттердің мүдделерін бұзбай қабылдауды ұзарту мүмкін болмаса, дәрігер қабылдауды басқа уақытқа ауыстыру құқығын өзінде қалдырады.

        Пациент дәрігер кабинетіне оның шақыруымен кіреді. Қабылдау жүріп жатқан кезде дәрігер кабинетіне шақырусыз кіруге тыйым салынады.

        Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ертіп келген адамдардың (пациенттің заңды өкілдерінен басқа) кабинетте болуына тек емдеуші дәрігердің рұқсатымен және оның барлық талаптары мен нұсқауларын орындаған жағдайда жол беріледі.

        Барлық келуші (пациент, заңды өкілдер, ертіп келген адамдар) жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті.

        Диагностикалық орталықтың үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау қажет. Қоқыс пен пайдаланылған жеке гигиена құралдарын тек қоқыс жәшіктеріне тастау керек, ал пайдаланылған бахилалар Диагностикалық орталықтың фойесіндегі арнайы жәшікке салынады.

        Эпидемиялар кезінде әлеуметтік тәртіпті сақтау, респираторлық инфекциядан қорғауға арналған қорғаныш құралдарын, дәке немесе өзге таңғыштарды пайдалану.

        Медициналық орталыққа келгенде пациенттер мен оларды ертіп жүрген адамдар орталық мүлкіне ұқыпты қарауы қажет.

        Баяндалған мінез-құлық қағидалары сақталмаса, Диагностикалық орталық персоналы пациентке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

        Сақтауға тапсырылмаған жеке заттар, зергерлік бұйымдар, телефон мен ақша үшін клиника жауап бермейді.

        Кез келген мүлікке залал келтірілгенде (жою, бүлдіру, зақымдау және т.б.) кінәлі тұлға талап қойылған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық орталыққа келтірілген залалды ерікті түрде өтейді немесе орталық әкімшілігі оны кінәлі тұлғадан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.

        Қатаң тыйым салынады:

        былапыт сөйлеуге, Диагностикалық орталық персоналына немесе ондағы басқа адамдарға дөрекілік көрсетуге не өзгелердің көзінше олармен жанжалдасуға;

        эпидемия, карантин режимі немесе төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау ұйымында видеоға түсіруге, рұқсатсыз аудиожазба, фото және бейнетүсірілім жүргізуге;

        айқайлауға, қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарс жабуға;

        қабылдау мен медициналық әрекеттер кезінде телефонмен сөйлесуге;

        қоқыс пен бахиланы еденге тастауға, Клиника ішінде жүгіруге;

        сауда өкілі ретінде әрекет етуге немесе қандай да бір саудамен айналысуға;

        кіреберісте және Клиниканың кез келген үй-жайында спирттік ішімдік ішуге, темекі шегуге немесе сана мен мінез-құлықты өзгертетін өзге құралдарды қабылдауға;

        Мыналар бұзушылық болып саналады:

        персоналға, басқа пациенттерге немесе өзге адамдарға дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасау;

        басқа пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу;

        дәрігер қабылдауына немесе рәсімге келмеу не кешігу;

        дәрігер ұсынымдарын сақтамау;

        медицина персоналы әртүрлі рәсімдерді орындағанда олардың талаптарын орындамау;

        дәрілік препараттарды өз бетінше қабылдау;

        аурухана үй-жайында және аумағында темекі шегу (Тыйым салынады!) (Денсаулық кодексінің 110-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы);

        аурухана аумағында алкогольден немесе есірткіден мас күйде болу.

        Сақтауға тапсырылмаған құнды заттар үшін аурухана әкімшілігі жауап бермейді.

        Баяндалған мінез-құлық қағидалары сақталмаса, Клиника персоналы пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқылы.

        Пациент құқыққа қайшы, әдепсіз мінез көрсетсе, басқа пациентке немесе медицина персоналына дөрекі сөз айтса, алкогольден не есірткіден мас күйде болса немесе осы қағидалардың талаптарын бұзса, Клиника әкімшілігі оның өміріне қауіп төнбеген жағдайда (шұғыл жағдайларды қоспағанда) бақылау мен емдеуден бас тартуға, режим мен мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы еңбекке жарамсыздық парағы мен ауру тарихына тиісті белгі қойып шығаруға, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша уәкілетті орган құрған мониторингтік топты шақыруға құқылы.

        +7 775 007 70 41
        Қоңырауға тапсырыс беру
        rdcalmaty@mail.ru

        Қазақстан, Алматы,
        Әуезов көшесі, 57-үй, Жамбыл көшесінің қиылысы
        Қызметтер
        Диагностика
        Мамандардың қабылдауы
        Хирургия және операциялар
        Емшаралар мен құжаттар
        Оңалту және қалпына келтіру емі
        Стационарлық қызметтер
        Анестезиология
        Компания
        Мамандар
        Қызметтер
        Жаңалықтар мен акциялар
        Байланыс
        Пациентке
        Құжаттар
        Оферта
        Біз әлеуметтік желілерде
        • Facebook
        • Instagram
        • WhatsApp
        © 2026 Барлық құқықтар қорғалған.
        Арналған нұсқа:
        нашар көретіндерге
        Арналған нұсқа:
        басып шығаруға
        Лицензиялар
        Сайт картасы
        Қызмет көрсетуші Alteman

        60 және одан жоғары жастағы пациенттерге арналған акция

        Қарттар күніне орай: 5–31 қазан аралығында 60 және одан жоғары жастағы пациенттерге терапевт, невролог, офтальмолог, гинеколог немесе уролог-андролог қабылдауы 4 990 теңге

        Дәрігер қабылдауы — 4 990 ₸ · 5–31 қазан 2026

        Алдын ала жазылу бойынша, жеке куәлік көрсетілгенде. Диагностика мен талдаулар прейскурант бойынша төленеді.

        Жазылу
        Макетті үлкейтіп ашу