АДО денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестік бойынша аккредиттеу рәсімінен сәтті өткені туралы жаңалығымен қуана бөліседі!
Аккредиттеу АДО-ның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, пациенттердің медициналық қызмет алу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ халықтың жоғары сенімін қамтамасыз етіп, медициналық ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді!
Әріптестерімізді ұзақ жылғы кәсіби еңбектің заңды нәтижесі болған кезекті табысты командалық жұмысымен құттықтаймыз!
Тамаша ота жасаушы гинекологіміз Султанова Жанат Умирзаковна 2022 жылғы 11–12 қарашада Астанада өткен КАРМ XIV халықаралық конгресіне шақырылған спикер болғанын қуана хабарлаймыз.
Мамандарымыздың осындай іс-шараларға қатысып, әріптестерімен тәжірибе бөлісетініне мақтанамыз.
