Аймақтық диагностикалық орталықта еркін тіркелу науқаны басталғанын қуана хабарлаймыз.
Орталығымызда ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмекті ТЕГІН алудың бірегей мүмкіндігі бар:
- Жалпы практика дәрігерлері (ЖПД) мен бейінді мамандардың (гинеколог, уролог, кардиолог, аллерголог, ревматолог және т.б.) консультациялары
- Диагностикалық зерттеулер (рентген, КТ, МРТ, УДЗ, цифрлық маммография, зертханалық және басқа зерттеулер)
- Стационарлық емдеу (хирургиялық және терапиялық)
- Күндізгі стационар
- Кардиологиялық және неврологиялық пациенттерді, инсульт пен жарақаттан кейін оңалту (ЕДШ)
Тіркелудің 2 тәсілі бар:
1) Жеке куәлікпен «Аймақтық диагностикалық орталық» емханасына келіңіз: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 57, Жамбыл көшесінің қиылысы. Тіркеу бөлімінде орталық директорының атына тіркелу туралы өтініш толтырыңыз.
2) www.egov.kz порталына кіріп, «Емханаға тіркелу» қызметін таңдаңыз да, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз. Тізімнен «Аймақтық диагностикалық орталық» ЖШС-ні таңдаңыз. Өтінімді толтырып, жіберіңіз. Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламаны қараңыз.
Толық ақпарат телефондары: +7 727 355 10 00; +7 747 507 80 60
⠀ +7 700 284 96 42 (WhatsApp)
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 57, Жамбыл көшесінің қиылысы

